Жасыл экономика: Аралдың суы тазарды
Жуырда "Жасыл экономика" жобасы аясында Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Бөген ауылындағы мектепке қойылған су тазартқыш құрылғымен (Сеператор емес бірақ соған ұқсас) танысу мақсатында барған едік.Түсінікті болу үшін "әңгімені" арыдан бастайын. 2015 жылы Арал қаласында орналасқан "Өрлеу-Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігі "Арал ауданы елдімекендегі оқыушылардың таза және сапалы ауыз сумен қамтамыз ету" бойынша жоба дайындап, экологиялық аймақтарға бөлінетін Еуроодақтың жоба құны 40 мың доллар құрайтын арнайы грантын жеңіп алып, 8 ауылдық мектепке су тазартатын құрылғы орнатқан.Жобаның негізгі мақсаты - Арал ауданында орналасқан 8 елді мекендегі мектептердің оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Су тазартатын құрылғы Германияда жасалған. Ол сағатына молекуларлық деңгейде 200…