2016 жылдың түлектеріне бос қызмет жәрмеңкесі
2016 жылдың ТжКБ түлектерін жұмыспен қамту мақсатында Жастар бастамаларын дамыту орталығы 30 қараша күні кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге ірі кәсіпорындардан тұрақты жұмыс орындары ұсынылды.
Әртүрлі саланың түлектері Павлодар облысының ауқымды кәсіпорындарына өздерінің түйіндемелерін қалдырып, жұмысқа орналасу туралы кеңес алды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ақпараттық-кеңестік бөлімнің инспекторы Калиева Әлияның айтуынша, бүгінгі жәрмеңке жайлы ақпарат ЖБДО-ның әлеуметтік желілерінде жарияланып, оқу орындары да хабардар болды. Жәрмеңкеге 161 адам қатысқан.
- Кәсіпорындарға металлургиялық өндіріске кран операторлары, ыстық метал кесетін ұсталар, болат құюшы мамандар, байланыс операторлары, кассирлер қажет- дейді Әлия Калиева.

Бос қызмет орындарымен «КSP Steel» ЖШС; «Кастинг» ЖШС ПФ; Павлодар машиа жасау зауотының АҚ филиалы «ERG Service» (И-Ар- Джи- Сер-вис); «Алюминий Казахстана» АҚ; «Казахстанский электролизный завод» АҚ; «FormatMachCompany» ЖШС; «Павлодарэнерго» АҚ; «Колос» балалар мәдени ойын-сауық орталығы»; «Астана" Мұз айдыны сарайы"» МКҚК; «Альфа-банк» АҚ ЕБ т.б. мекемелері жәрмеңге қатысып, түрлі жұмыс орындарын ұсынды. Айта кетсек, Ленин кентіне мал дәрігері және ет өнімдерін өңдеу аппаратына арнайы қызмет орындары бар.

