Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық «Аламан-2016» фестивалінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

«Серпін-2050» әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Павлодар облысында 1000-нан аса «Серпін-2050»  бағдарламасымен оқитын студенттер білім алуда.

Бағдарламамен оқып жүрген студенттер арасында  облыстық  «Аламан-2016» байқауын ұйымдастырылып, жеңімпаздар республикалық фестивальге жолдама алды. 2016 жылдың 25-29 қараша күндері  Республика бойынша өткізілетін «Аламан-2016» фестивалі Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде 10 аталым бойынша өткізіліп, өз мәресіне жетті. Тұңғыш Президент күні аталған фестиваль жеңімпаздарымен кездесу өтті. Кездесуде студенттер «Аламан-2016» фестивалі және жеңістері жайлы  толықтай тоқталды.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Қыдырбай Ұлбазар және Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің студенті Темір Дина «Serpin-start-up» атты интеллектуалды-инновациялық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Филология және тарих факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері  Совет Санат, Рахматулла Асет  дебат турнирінде озаттылық танытты. «Өнерлінің өрісі кең» атты  өнер сайысында Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің студенті Баймырзаева Ақмарал  Антонқызы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жалпы Павлодар  облысынан 22 қатысушылардан 11 серпіндік студенттер бас жүлдені жеңіп алған. Павлодар облысының білім басқармасына және Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына, Павлодар облысы  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ-сіне   «Халықаралық бағдамалар орталығы» президентінен арнайы алғыс хаттар табысталды.

Кездесуден соң Жастар орталығында студенттер екі сағатқа созылған  «Елбасы жолы» филімін тамашалады.  Филімнен соң жастар мерекелі көңіл күймен тарқасты.

0
0
754

Осы тақырып бойынша

Республикалық «Аламан-2016» фестивалінің жеңімпаздарымен кездесу өтті - Yvision.kz