Сұлулық әлемді құтқарады
ХІХ ғасырда орыс жазушысы әрі ойшылы Ф.Достоевский «Идиот» (нақұрыс) романында 18 жасар кейіпкерінің атынан «Әлемді құтқаратын – сұлулық» деген болатын. Түпнұсқада «Мир спасет красота» делінген. Бірақ біздің қазақ тілінде «сұлулық» пен «әдемілік» синоним болса да, екі түрлі мәнге ие. «Әдемі гүлге» «сұлу гүл» деп атау таға алмаймыз ғой. Қыздың келбетін сипаттағанда да бұл екі сөз екі түрлі мағына береді екен. Әдемілік – барлық қыздың бойынан табылатын қасиет. Ал «сұлу қыз» дегенде, әдебиеттегі «хас сұлу» деген тіркестегідей көркіне сөз жетпейтін сұлулықты айтады. Бұл ретте сұлулықтың әлемді неден құтқаратыны туралы ой еріксіз санаңа оралады. Бұл тіркестер есте тез сақталады әрі жағымды естіледі. Мүмкін содан болар, оның түпкі мағынасына үңіліп жатқан адам көп емес. Алдымен, «сұлулық» деп б…