Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте «Нұрлы жол» күні атап өтілді

«Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының 17-күні  Қазақстанның ұзақ мерзімдік экономикалық өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономиканың жеке секторларын қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналды.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру бірқатар бағыттарда өндірістің бұрынғы көлемін қамтамасыз етуге, қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы күрделі,  төмендеп бара жатқан конъюктура  шарттарында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, - деп осы жерде өткен салтанатты іс-шарада ОҚО кәсіпкерлер палатасында атап өтті.

Оңтүстік-Қазақстан облысында 2010 жылдан бері 145 жоба іске қосылды және 180 млрд. теңгеге өнім  өндірілді.   Шамамен 13 мың жұмыс орны құрылды. «Нұрлы жол» бағдарламасын мемлекеттік инвестицияларды инфрақұрылымдардың дамуына және  кәсіпкерлікті қолдауға арттыру арқылы іске асыру қысқа мерзімді келешекте экономикалық өсуге көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге ұзақ мерзімді келешекте тұрақты өсу үшін алғышарттар жасайды.

 
0
0
315

Осы тақырып бойынша

Шымкентте «Нұрлы жол» күні атап өтілді - Yvision.kz