Шымкентте балалар суреттерінің байқауы
Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде бейнелеу өнері мұражайында балалар суреттерінің байқауы өткізілді. Байқауға тек Шымкент қаласынан ғана емес, сонымен бірге облыстың басқа аудандарынан жас қатысушылар қатысты. 8-17 жас арасындағы байқауға қатысушылар қазақ халқының ертегілері, аңыздары және әпсаналары кейіпкерлерінің сұлулығы мен данышпандығын өз елестетуі бойынша көрсетті. Көркемсурет шеберлері жастардың шығармашылығын аса жоғары бағалады.
-«Мұндай байқаулар жас ұрпақтың бойында шығармашылық пен дарынды дамыту, отансүйгіштікті тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті қалыптастыру үшін нағыз таяныш болып табылады» - деді ҚР суретшілер одағының мүшесі Айнабек Оспанов.
Іс-шара Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырылды.
