БҚО-да мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар талқыланды
2016 жылдың 7 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға облыстық мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшылары, облыстық мемлекеттік мекемелердің ішкі аудит және персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар жұмысында алғашқы болып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов сөз сөйлеп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.
Департамент басшысы атап кеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнаманың негізгі бағыты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептер мен шарттарын анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілермен өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Семинарда Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Департаменттің үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ-пен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысы жөнінде сөз қозғады. Ол Агенттіктің осы бағыттағы жаңа тәсілдерін де түсіндірді. Сондай-ақ, баяндамасында сыбайлас жемқорлық мониторингі мәселелері де баяндалды.
Семинарда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нысаны мен әдісін толықтай айтып өтті.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов өз сөзінде облыстағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия қызметін талдау қорытындысы жөнінде атап өтті. Талдауға сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айында көрсетілген тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты 154 тәртіптік материал қаралып, соның нәтижесінде 174 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау барысында, тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының жиі бұзылатындығы аталынып өтілді.
Семинар өткізу барысында қатысушылар тарапынан қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, Департамент басшылығымен нақты жауаптар берілді.
