Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының бірінші күнінде 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкен болатын.

Аталған іс-шараға 1000-ға жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 15 қылмыстың беті ашылып, 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 145 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 116 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 72 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында  қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзу дерегі бойынша 113, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 71, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзудың 48 дерегі анықталды.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 
0
0
495

Осы тақырып бойынша

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының бірінші күнінде 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды - Yvision.kz