Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүзеге асырылады. Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 20 қаңтарға 317 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 1364 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (65 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 13%-ды құрады. Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып табылады, ол көбіне қауіпті топқа…

