Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілердің кезектен тыс аттестациясын өткізу мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына арналған семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Ақмола облысының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы әкімі аппаратымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің кезектен тыс аттестациясын өткізу мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына арналған семинар өткізді.

Модератор облыс әкімі аппаратының басшысы Ж.Нұркенов іс-шараның мақсатын атап өтіп, семинарды ашты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов "«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестациясын өткізу қағидалары мен тәртібі" тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.  Жиналғандар аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 50 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.
Департамент госслужбы

0
0
463

Осы тақырып бойынша