Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Персоналды басқару қызметтеріне мемлекеттік қызметшілердің аттестациясын өткізу ережелері түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы А.Марденованың жұмыс сапары барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Ақмола облысының жергілікті мемлекеттік органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды.Іс-шара модераторы Департамент басшысы Б.Беспалинов   семинардың тақырыбымен таныстырды. Бас сарапшы А.Марденова "«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестациясын өткізу қағидалары мен тәртібі" тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.  Жиналғандар аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында ақпараттық түсіндірме видеороликтер көрсетілді.

Аталмыш семинар кадр қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді. Іс-шара 62 мемлекеттік қызметші қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
427

Осы тақырып бойынша