Құқық қорғау қызметіне түсудің жаңа тәртібі
Мемлекет басшысымен 2016 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Оның нормаларына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсетін азаматтар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен оның аумақтық Департаменттерінде мемлекеттік тілді, заңнаманы білуге арналған тесттен және жеке қасиеттерін бағалаудан өтетін болады. Бұл Мемлекет басшысының құқық қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарына орай тапсырмасына толықтай сәйкес келеді. Осындай жүйені орнатудың мақсаты – кандидаттарды іріктеу кезінде құзіреттілік тәсілін енгізу. Ол кандидаттардың заңнаманы білу деңгейін анықтап қана қоймай, жеке қасиеттері мен кәсіби да…