Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының прокуратурасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілеріне, видеоконференц байланысымен оның аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелерін қамту арқылы, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды.

Семинардың модераторы Департаменттің басшысы Б.Беспалинов 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 29 мемлекеттік қызметшіні адамды қамтыды.

Департамент госслужбы

0
0
241

Осы тақырып бойынша