Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаөзенде алаяқ әйел ұсталды

Жаңаөзенде алаяқ әйел ұсталды

Табысы көп мұнайшы болу - көптің арманы. Қара халықтың осы тілегін арам пиғылды адамдар пайдаланып, табыс көзіне айналдырмақ болған. Жаңаөзенде 4 адамды алдап соққан 27 жастағы алаяқ әйел ұсталды. Ол жұмысқа тұрғызамын деп төрт адамнан 6 млн 300 мың теңге алған. Қазіргі таңда күдіктінің ісі тергеліп, сотта қаралуда.

0:00
1:51
21:21, 19 қаңтар 2017    740

Бұрын да біренеше рет алаяқтық жолмен ақша алып сотталған әйел бұл іске әбден үйренген. Мұнай саласына жұмысқа орналсытармын деп, Жаңаөзен қаласының азаматынан 3 мли 100 мың теңге алады. Қарапайым тұрғынның сеніміне кіріп, жиған тергенін пайдақорлық ниетпен алған күдікті, бұл ісін әрі қарай жалғастырады. Арада 20 күн өткеннен кейін де, тағы бір жәбірленушіден 800мың теңге  алған алаяқ, сол күйі ізін суытады.

Мақсат Молдабаев - қалалық  ІІБ ТБ тергеушісі

Мұнай саласына қарасты ЖШС мекемелеріне жұмысқа орналасытрамын деп, 800 мын, 1млн 200, және әр түрлі суммадағыақшаларды алаяқтық жолмен алдап алған.

27 жастағы әйел адам, өзінің қасақана қылмыстық ісін жалғастыра отырып,   Теңге ауылының тұрғынынан да  1 мил 200 мың теңге ақша  алады. Мұнай саласына жұмысқа орналастыруға мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, осындай әрекетке барған әйелдің ісі тергеліп  сотта қаралуда.

Мақсат Молдабаев - қалалық  ІІБ ТБ тергеушісі

Қазіргі таңда осы бойынша бірнеше қалмыс деректері тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілді. ҚР ҚК 190-бабының екінші тармағымен қылмыстық іс қозғалды

Жалпы былтырғы жылы 88 алаяқтық қылмыс тіркеліп, оның 80-і ашылған. Бүгінде тәртіп сақшылары жұмысқа орналастырамын деп, ақша беріп алданып қалудан сақтану керектігін айтады.

 
0
0
459

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзенде алаяқ әйел ұсталды - Yvision.kz