Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізу тәртібі туралы талқыланды

2017 жылдың 24 қаңтарда Батыс қазақстан облысының әкімі апаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілетін ішкі бақылау тәжірибесін әрі қарай жандандыру және жетілдіру мақсатында аудандық әкім аппаратының басшылары мен ішкі бақылау жүргізуге жауапты мамандарынының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға қосымша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның, «НИТ» АҚ-ң өкілдері мен облыстық басқармаларының басшылары және мамандары қатыстырылды.

Семинардың басты мәселесі ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысындағы бақылау іс-шараларын жүргізудің тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ибрашев Б.С. баяндама оқыды.

 
0
0
260

Осы тақырып бойынша

БҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізу тәртібі туралы талқыланды - Yvision.kz