Қазақша кітаптар бар жаңа шығарылған қосымшасының ерекшелігі неде?
Бұрыннан бері телефон немесе планшетіңіз арқылы қазақша кітаптарды оқыңыз келді ме? Енді осындай мүмкіндікті «Zero To One Labs» компаниясы сыйлады. Аталған компанияның программисті Данияр Муханов арнайы RUSSKAZ паблигі үшін сұхбат берді. Біз осы Oyan қосымшасын Бағдат Мусин (бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы) тапсырысы бойынша жасадық. Бір кездері ол кісі «Абай жолы» кітабын оқыған екен. Бірақ түсініксіз жерлерін астын сызып қойған болатын. Осы түсініксіз жерлердің аудармасы болуы керек деп айтқан болатын. Қазіргі кезден бастап кез келген адам Play market және iOs жүйелерде осы Oyan қосымшасын жүктей алады. Осы Oyan қосымшасының ерекшелігі қазақ тілінде әдеби кітаптарды жүктеп алып, түсініксіз сөздердің…