Облыстық арнайы мониторингтік топтың алғашқы отырысы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган және ол мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралады.
Арнайы мониторингтік топ қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдауды және бағалауды жүргізу.
2017 жылдың 24 қаңтарда Департаменттің конференц залында топтың басшысы Ә.Ө.Сәлиеваның төрағалығымен мониторингтік топтың алғашқы отырысы өткізілді.
Алғашқы сөзді Департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов сөйледі. Топтың жұмысына сәттілік тілеген Департамент басшысы, жариялық, ашықтық, мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы топ қызметінің негізгі принципі екендігін атап өтті.
Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі жоспарларының 2016 жылғы Батыс Қазақстан облысында орындалуы, «Азаматтық бақылау» жобасының жүзеге асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.
