Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Агенттік Төрағасының алқа мәжілісінде сөздері БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілерге серпін берді

2017 жылдың 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өткізілді.

Мәжіліс Агенттік Төрағасы Қ.Қожамжаровтың төрағалығымен, аумақтық Департаменттер басшыларының, Агенттік пен бағынышты мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Агенттік Төрағасы өз сөзінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу салалары бойынша Агенттік жұмысының негізгі бағыттары жөнінде атап етті.

Батыс Қазақстан облысында тікелей желіде алқа мәжілістің халыққа қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

БҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру өңірлік Орталығындағы тыңдаушы мемлекеттік қызметшілер мәжілісті онлайн-режимде тамашалады.

Мемлекеттік қызметшілерінің айтуынша, Агенттік Төрағасының сөздері мемлекеттік қызметте мансаптық жылжуды жоспарлауға және халық пен мемлекетке лайықты қызмет ету үшін одан әрі дамуға үлкен серпін берді.

       
0
0
576

Осы тақырып бойынша

Агенттік Төрағасының алқа мәжілісінде сөздері БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілерге серпін берді - Yvision.kz