Жәнібек ауданында аттестаттауды өткізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2017 жылдың 6 ақпанда Жәнібек ауданында аудан әкімінің үлкен залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазиннің қатысуымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді кешенді аттестациядан өткізу жөнінде семинар –кеңесі өткізілді. Аталған семинар –кеңеске аудан әкімі, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округтер әкімдері мен аппарат қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдарға қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы семинар-кеңеске 75 адам қатысты. Семинар-кеңес барысында М.Нұртазин «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың мақсаты, маңыздылығы және ұйымдастырылу барысы туралы толық мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Семинар барысында ақпараттық-түсіндірмелік бейне-ролик көрсетілді. #БҚО #Аттестаттау #Орал #2017жыл