ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Тағы кеттің жүрекке, жара салып...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Chris Spheeris “Eros”

Бейнематериал авторы – Ильяз Андаш «Коштошуу»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Мен осылай боларын, сезіп едім,

Неге келдің сен маған, елес болып?

Аласұрттың көңілімді, бар ойымды,

Тағы кеттің жүрекке, жара салып.

 

Аласұрам қашанғы, айтшы жаным?

Бітерме екен, бұл тағдырдың азабы?

Көрмей, құшпай, сағынам, неге тозам?

Жетер енді, бұл тағдырдың мазағы.

 

Басыла ма, шіркін-ай, бұл құмарым?

Елемеймін, неге көрмеймін басқаны.

Сен дегенде, алып ұшады мынау жаным,

Болмасақта, болмадың ғой, сыңарым.

 

Бұл көңілімнің бұлттарын, қуам қалай?

Найзағайын жанымның, баса аламба?

Мүмкін бекер, мүмкін бекер мен талай,

Күнді өткіздім деп, бүгін айта алам ба?

 

Мен қашаңғы шыңғырам, ішімнен,

Мұң айқайды, тек қағазбен бөлісіп.

Жоқ, жетеді, доғарамын енді мен,

Шама да жок, жылайтын, мұңда өксіп.

 

https://www.youtube.com/watch?v=gzGAqtWFD2E