Білім басқармасының кеңейтілген отырысы
А.ж. 30 наурызда Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д.М. Хайруллин Ақмола облысының білім басқармасының кеңейтілген отырысына қатысып, «Білім саласында сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу жөніндегі қолданылатын шаралар туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Аталмыш іс-шараға барлығы 527 адам қатысты, оның ішінде Ақмола облысының мектеп директорлері және аудан, қала әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері. Кеңес барысында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
