ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әр азамат орындауға міндетті заңдылық

А.ж. 31 наурызда  Департаменттің бас маманы Д. Каконов  Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің өкілі  кәсіби мемлекеттік аппарат, қолжетімді әрі есеп бере алатын мемлекет құрудағы мемлекеттік қызметшілердің алатын орнының ерекше екенін атап өтті, сонымен қатар,

Департаменттің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарлған қызметімен таныстырып өтті.

Мұрағат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар, іс-шараның соңында олар департамент тарапынан жүргізіліп отырған іс-шаралардың маңыздылығы туралы сұрақтар қойылған сауалнамаларды толтырды.

Қойылған сұрақтарға  нақты жауаптар мен түсініктемелер  берілді.
Департамент госслужбы