ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басымдығы

А.ж. 31 наурызда  Департаменттің  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. М. Ахметқалиев  Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басымдығы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық туралы, оның  түрлерімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы және бұзушылықтың осы түрлері үшін жауапкершілік шаралары  жөнінде мәлімет алды.  М. Ахметқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Дәріс барысында спикер мемлекеттік мекеменің мамандарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, оның міндеттері, таяудағы он жылға  арналған  түйінді бағыттары  мен негізгі әдістері туралы баяндады, сонымен қатар ол қатысушыларды Департамент тарапынан жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыспен, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауы туралы әңімеледі.

Кездесу соңында  М. Ахметқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап берді.
Департамент госслужбы