ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Назар аудар, есіңде сақта! Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!

А.ж. 31 наурызда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті.

Мобильді топ бірінші кезекте азаматтарды қабылдаудың жылжымалы пунктін   «ENKI» ЖШС кәсіпорнының жанынан ұйымдастырды.Содан соң «Авиценна»медициналық орталығына бағыт алды. Еңбек ұжымдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде түсіндіру-әңгімелер жүргізілді, Департамент қызметі туралы ақпарат берілді, ең көп  қажеттілікке ие болып отырған мемлекеттік қызметтер туралы конскультациялық кеңестер берілді.

Іс-шара қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Назар аудар, есіңде сақта! Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!», «Внимание, помни! Дача взятки лишает свободы и будущего!» ақпараттық плакаттары таратылды.

Іс-шараға 153 адам қатысты.

Департамент госслужбы