Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама

А.ж. 18  сәуір күні  Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет  туралы кейбір ҚР заңнамасының  актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен конкурстық рәсімдер өткізу негізгі кезеңдеріне, «А» және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметті  бағалау методикаларына енгізілген өзгерістер туралы мәлімет беріліп, сонымен қатар әңгімелесуді өткізу тәртібіне және аттестациялық комиссияларының мүшелеріне қойылған талаптары түсіндірілді.

Семинар өткізу барысында бейнероликтер көрсетілді. Қатысушылардың барлық түскен  сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 
0
0
479

Осы тақырып бойынша