«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде брифинг
2017 жылдың 20 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың төрағалығымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингте«100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 15-ші қадамға сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілерге аттестациялау өткізу мен 2017 жылдың І тоқсанында Департаментпен атқарылған жұмыстары жөнінде мәселелер талқыланды.
Өзінің алғашқы сөзінде Б.Исақов бірінші институционалды реформаның шеңберінде біздің елімізде меритократия, мансаптылық және құзіретті тәсілге негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізілгендігін атап өтті. Бұл модель мемлекеттік қызметке орналасу жалпы конкурс тәртібімен төменгі лауазымдардан басталатындығымен сипатталады. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жоғарылауы төменгі лауазымдарда еңбек өтілінің болуымен және ішкі конкурстардан өту тәсілімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ол Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асыру туралы баяндады. 2017 жылдың 1 сәуіріне облыста 461 мемлекеттік орган бар. Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4444 құрайды, соның ішінде саяси қызметшілер - 7, «А» корпусы лауазымы - 19, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны - 4418.
2016 жылы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарымен 364 бос әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарына конкурстар өткізілді, оның ішінде:
-мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурс - 108 бос лауазымға.
-барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы конкурстар-
47 бос лауазымға.
Жалпы конкурс 209 бос лауазымға өткізілді. Бұл конкурстарға қатысқан 485 үміткердің 197-сі мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік алды.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына 219 байқаушылар (100% қамту) және 212(91,3% қамту) сарапшы қатысты.
2016 жылы облыстың мемлекеттік мекемелерімен 396 мемлекеттік қызметшілерді оқыту жоспарланған. 210 мемлекеттік қызметші немесе жоспардың 53% мемлекеттік қызметшілері оқытылды. Қайта даярлау бойынша 60 мемлекеттік қызметші, біліктілігін арттыру бойынша 150 қызметші.
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде 2017 жылыдың І тоқсанында Департаментпен 12 тексеріс жүргізіліп, оның ішінде: 3 – ішінара тексеру, 9 – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп заңнамасы саласындағы 112 заңбұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Есептік кезеңде әдеп жөніндегі Кеңестің 4 отырысы өтті, онда 25 мәселе қаралды.
2017 жылдың І тоқсанында Кеңеспен 15 тәртіптік іс қаралды. Қаралу нәтижелеріне байланысты Кеңеспен келесідей ұсыныстар жолданылды:
11 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдануға, оның ішінде 7 – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, 4 – Әдеп кодексін бұзғаны үшін.
Облыстың мемлекеттік органдары және басқа да субъектілері 358 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді (177 ЖАО және 181 аумақтық бөлімшелер).
2017 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік органдармен ұсынылған есептік деректерге сәйкес, БҚО бойынша 961 891 қызмет, 54% немесе 513083 қызмет орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 46% немесе 448 808 қызмет жергілікті атқарушы органдарменкөрсетілді.
2016 жылдың сәйкес кезеңінде 333 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 1 139 499 мемлекеттік қызмет көрсетілді (164 ЖАО және 169 аумақтық бөлімшелер), 42,7% немесе 487448 қызмет орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 57,2% немесе 625051қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетілді.
Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту бағытында 2017 жылдың І тоқсанында 124 іс-шара 7,5 мыңнан астам адамның қатысуымен өткізілді.
Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор, бизнес-қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің, діни және этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерінің, студенттер мен оқушылардың қатысуымен 73 лекциялар мен семинарлар өтті.
Наурыз айынан бастап облысымызда «Парасыз болашаққа.Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді құрылды. Оның құрамында көрнекті қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар және әртістер, кәсіподақ мүшелері, мекемелердің басшылығы өкілдері енді. Мобильді топ мемлекеттік қызмет көрсету мекемелердің жандарында азаматтарды қабылдау өткізеді.
Әлеуметтік желілерде «Антивзятка» флешмобы ұйымдастырылды. Онда белсенді азаматтар мен студенттер өз посттарын жариялады.
Сонымен бірге, «Есіктен есікке» жобасы басталып, әр үйге коммуналды қызмет төлем түбіртіктерімен бірге арнайы флаерлар, жадынамалар үйлестірілуде.
Сәуір айында жоғары оқу орындары арасында «Адал бол» акциясы өз жалғасын табуда. Қазіргі күнге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті өткізіп, эстафетаны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне жолдады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2017 жылдың 1 тоқсанында Департаментпен 3 мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне сыртқы талдау жүргізілді:
- 20.12.2016 ж. - 20.01.2017 жылы БҚО құрылыс басқармасының қызметіне;
- 31.01.2017 ж. – 14.03.2017 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіне;
- 07.03.2017 ж. – 31.03.2017 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті БҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметіне.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатын 63 факторанықталды, олар:
нормативтік құқықтық актілердегі дискреттік нормалар;
маманның/тексерушінің дискреттік құзыреттілігі;
дискреттік мерзімдер;
мемлекеттік қызмет алу кезінде теңсіз қолжетімділік;
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегітікелей байланыс;
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттер нормаларының басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі;
мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі стандарттары мен регламенттер нормаларының басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі;
мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі негізделген бас тартудың болмауы т.б.
Сонымен қатар 27.01.2017 Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Қорғаныс министрлігі БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының осы органның қызметіне жүргізілген талдау қорытындысымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шара жоспарының орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Анықталған барлық тәуекелдерді жою және азайту бойынша шаралар қабылдануда.
