Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас!

А.ж. 18 сәуірде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің ЕЦ-166/25 мекемесінде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М. Ахметқалиевтің қатысуымен жеке құрамның   кеңейтілген семинар-кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында М. Ахметқалиев «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама оқыды.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәдениетін және және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Кездесу барысында М. Ахметқалиев: «Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті»,  –  деп өз ойымен бөлісті, сонымен бірге,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы және өз елінің болашағына немқұрайды қарамайтын әрбір азаматтың міндеті екенін екенін атап өтті.

Сонымен қатар, баяндама барысында Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында Департаменттің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс- шараға 73  адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
1300

Осы тақырып бойынша

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас! - Yvision.kz