Мазмұнға өту

Жаңа

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ көмекке келеді!

А.ж. 21 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті, кәсіпкерлер палатасы, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың халықпен кездесуі өтті.

Жұмыс барысында мобильді топ «Новопэк» ЖШС ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері туралы айтты.

Сондай-ақ, мобильдік топ «SMALL» көтерме сауда маркетінде және «Бурабай»  спорттық кешенінде болып, тұрғындар арасында жемқорлық фактілерімен кездескен шақта қалай әрекет ету жөнінде ақпарат беріп, арнайы борщюралар табыс етті.

Жемқорлыққа қарсы мобильдік топ аптасына екі рет облыс орталығында және аудандарда жүзеге асырады.
Департамент госслужбы

0
0
355

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының бекітілгенін хабарлайды. Бұйрық ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде а.ж. 19 сәуірінде ресми жарияланды және осы бұйрық алғашқы ресми ж…

0
0
410

Мобильдік топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Орал қаласының №21 мектеп ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
256

Құқық түсіндіру жұмысы

Әрбір мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қоғамның қатысуына жәрдемдесетін және құқық тәртібі принциптерін, көпшілікке арналған істер мен көпшілікке арналған мүлікті басқаруды, адалдықты және параға сатып алмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді және үйлесімді саясатын жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін, жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Департамент тұрақты түрде құқық түсіндіру жұмысын жүргізеді. А.ж. 20 сәуірде Департамент қызметкерлері Е. Кенжалин мен А. Галеева «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалында семинар –кеңес өткізді. Семинар барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріні…

0
0
681

Степногорск қаласына жұмыс сапары

А.ж. 19 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының және қызметкерлерінің Степногорск қаласына жұмыс сапары болып өтті. Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Қарабұлақ және Заводской поселкілері тұрғындарымен және қала активімен кездесу өткізді. Кездесулерге Степногорск қаласының әкімі Ә.Кумпекеев, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау саласы, орта білім беру мектептері директорлары және ауылдық окріг тұрғындары қатысты. Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату мәселелеріне ерекше назар аударды. Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақта…

0
0
327

Флешмоб өткізу дәстүрге айналды

А.ж. 20 сәуірде Атбасар ауданында «Адал жол- честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында флешмоб өтті.

Қатысушыларға «Бірге болсақ, жеңілмейміз!» девизімен өткен іс-шараның негізгі мақсаты түсіндірілді.

Мектеп оқушысының айтуы бойынша, кез келген адам жемқорлыққа білімсіздігінен барады, ал біз өз тарапымыздан халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуіміз керек. Флешмоб соңында оқушылар тұрғындарға жемқорлыққа қарсы буклеттер таратып, онымен қалай күресуге болатындығын түсіндірді.

Аталған шараға барлығы 500 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
627

Жастар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 19 сәуірде  Атбасар қалалық №1 индустриалды техникалық колледжінде шығармашылық байқау өтті. Аталмыш байқауда студенттер қызығушылық танытып, белсене қатысты. Қатысушылардың арасындағы студенттің айтуы бойынша, осындай отырыстарда жиі кездесе бермейміз.

Байқаудың басты мақсаты-жемқорлыққа қатысты афоризмдер, сөз тіркестер, цитаталар ойлап табу. Байқауда керемет көзқарастары бар студенттер белсене қатысты.

Байқау соңында, қатысушылар білім мекемелерінде жемқорлыққа жол жоқ деген байламға келді.
Департамент госслужбы

0
0
393

ҮЕҰ жемқорлыққа қарсы

А.ж. 19 сәуірде Атбасар ауданында  үкіметтік емес ұйымдар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің  күшін біріктіру» атты дөңгелек үстел өтті.

Олар жалпы қоғамдық мәселе - жемқорлық туралы көп естиді. Бірақ, біз, қоғам болып, бір жағадан бас шығарып біріксек ел боламыз, барлық қатерді жеңеміз.

Қазір жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Осы орайда,  ҮЕҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, келер ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге ат салысуы қажет.
Департамент госслужбы

0
0
403

Ән кейіпкерлері

Халық арасында кеңінен таралып, ел аузында жүрген әндердің көпшілігінің кейіпкері кім екені жалпақ жұртқа беймәлім болып жатады. Алайда әрбір әннің өзіндік тарихы бар. Атақты «АБК» триосының бағын ашқан «Тамшылар» әнінің тарихы қызық. Әннің композиторы Ахмедия Есмұханов бұл әнді өзінің алғашқы махаббатына арнаған. Түсінде сүйіктісі терезені қағып, өзіне шақырады. Оянып кетіп, терезеге жақындаған сазгер жаңбыр жауып, тамшылардың тамып жатқанын көреді. Тамшылардың тамысы сазгердің жүрегіне ән болып құйылады. «Кешкі кездесу» бағдарламасының студиясына АБК тобының орындауындағы «Тамшылар», Өктем Алтаевтың орындауындағы «Жаным», Төреғалидың орындауындағы «Жүрек көнбейді», Абай Бегейдің орындауындағы «Аспанға қараймын» әндерінің авторлары мен аталмыш әндердің кейіпкерлері шақырылады. Белгілі ту…

0
0
807

Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас

Департамент госслужбы

А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас өтті.

Пікірталастың мақсаты – оқушылардың өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдеу қабілетін дамыту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде шыдамдылық пен құқықтық мәдениетке дағдыландыру, өз еліне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысындағы оқушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлесі бірінші кезекте болуы тиіс. Жалпы, пікірталас түрінде өтетін шаралар қызықты әрі пайдалы. Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін береді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен жақынырақ танысты.

0
0
1501