Степногорск қаласына жұмыс сапары
А.ж. 19 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының және қызметкерлерінің Степногорск қаласына жұмыс сапары болып өтті.
Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Қарабұлақ және Заводской поселкілері тұрғындарымен және қала активімен кездесу өткізді.
Кездесулерге Степногорск қаласының әкімі Ә.Кумпекеев, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау саласы, орта білім беру мектептері директорлары және ауылдық окріг тұрғындары қатысты.
Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, сапалы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің бірлесе әрекетіне байланысты екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Д.И. Жүсіповамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАК Степногорск қ. филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қабылдау барысында Степногорск қ. 4 азаматы құжаттамалық қамтамасыз ету, әскери билет алу және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу мәселелерімен мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімін азайту сұрақтары бойынша қабылданып, сәйкес түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін және этикалық кодексті сақтау жөнінде дәріс өткізілді.
Сондай-ақ, Степногорск қ. әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты қызметкерлермен семинар өткізіліп, мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың басым бағыттары талқыланып, бақылау және қайта тексеру шараларының нәтижелері қарастырылды.
Өз кезегінде Департаменттің бас маманы Д.Каконов аудандық аурухана ұжымымен және мектеп директорларымен кездесіп, 2016 жылдың нәтижесі бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықбұзушылықтың барлық түріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша ақпарат беріп, қазіргі таңда жемқорлық салдарымен күрестен жемқорлықтың алдын алуға басымдылық беріліп өтырғанын атап өтті.
Іс-сапар нәтижесінде іс-шаралармен барлығы 418 адам қамтылды.

