Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас

А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас өтті.
Пікірталастың мақсаты – оқушылардың өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдеу қабілетін дамыту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде шыдамдылық пен құқықтық мәдениетке дағдыландыру, өз еліне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Іс-шара барысындағы оқушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлесі бірінші кезекте болуы тиіс. Жалпы, пікірталас түрінде өтетін шаралар қызықты әрі пайдалы. Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін береді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен жақынырақ танысты.
