ҮЕҰ жемқорлыққа қарсы
А.ж. 19 сәуірде Атбасар ауданында үкіметтік емес ұйымдар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің күшін біріктіру» атты дөңгелек үстел өтті.
Олар жалпы қоғамдық мәселе - жемқорлық туралы көп естиді. Бірақ, біз, қоғам болып, бір жағадан бас шығарып біріксек ел боламыз, барлық қатерді жеңеміз.
Қазір жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Осы орайда, ҮЕҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, келер ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге ат салысуы қажет.
