Мазмұнға өту

Жаңа

Оқушылармен кездесу

А.ж. 3 мамыр күні Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Департаменттің бас маманы М. Сабуровпен Көкшетау қ. №21 ОМ оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Департамент қызметкерімен жеқорлықтың қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері, жемқорлық көріністеріне қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы айтып, арнайы бейне роликтер көрсетілді.

Өз кезегінде оқушылар жемқорлық пен оның күнделікті өмірде алдын алу шаралары туралы ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар жемқорлытық әлеуметтік қауіп деп танып, онымен көресті үдете түсу қажеттігіне тоқталды.
Департамент госслужбы

0
0
425

Сыбайлас жемқорлық біздің елде

2017 жылғы 27 сәуірде Жақсы аудан әкімдігінің кіші залында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Сыбайлас жемқорлық біздің елде» деген  дөңгелек үстел мемлекеттік қызмет алушылар қатысуымен өткізді.

Семинарға алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсететін мүгедектер, ардагерлер, әлеуметтік көмек, АХАЖ секторының меңгерушісі Абылхасенова Л.М., бас мамандар Хасенова С.А., Ділдебаева Ж.Б. қатысты. Сонымен қатар, шараға мемлекеттік қызметтер алатын 16 алушылар қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ақпаратпен бөлім басшысының міндетін атқарушы Тлепова Р.Р. сөз сөйледі. Ақпарат барысында қызмет алушылармен бірқатар сұрақтар қойылды, оларға жан-жақты толық және құзыретті жауаптар берілді.
Департамент госслужбы

0
0
372

Сирень гүлінің тарихы..

Қазақ жеріне Сирень 19 ғасырдың соңында Ресейден ағылған келімсектермен келсе керек. Ал Ресейге 18-ғасырда Европадан әкелініпті. Сиреньді Европаға дәлірек айтсақ, 1555 ж. Осман империясындағы Австрия королінің елші сі Иран жерінен әкеліпті. Ал Иранға Жібек жолы арқылы Қытайдан әкелінсе керек. Қытайда сиреньнің 28 түрі кездеседі екен. Оның 22-і тек қана Қытай жерінде өседі.. Қытайда Сиреньді киелі өсімдік санатына жатқызады екен. Оны Үндістаннан Қытай жеріне Будда дінінің таралуымен түсіндіреді. Будда дініндегі киелі өсімдік фикус климаттық жағдайларға байланысты Қытай жерінде өспегендіктен, "киелі" болып сирень "тағайындалған" :-) Сирень гүлінің екінші өмірі 1870 ж. француз селекционері Виктор Лемуан сиреннің сұрықсыздау 2 түрін Азуреа плена (Azurea Plena) мен Кәдімгі сиреньді (Syringa vu…

0
0
13253

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 10 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбиелеу, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

0
0
389

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 10 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

0
0
344

Халықтың ұтқырлығы аз топтары үшін қала объектілері қолжетімділігінің мәселелері бойынша кеңес

2017 жылғы 3 мамырда Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі ғимаратында Сарыарқа ауданы кәсіпкерлерімен кеңес өтті.

Осы кеңесте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Б. Омарова «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнамасының нормаларын сақталу тексерістердің нәтижелері туралы» атты баяндама жасады.

Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары С.О. Нұрғожина және Сарыарқа ауданының аға прокуроры О.М. Таңібергенов сөз сөйледі.

0
0
352

Қазақстанда “Өрлеу” жобасы аясында отбасыны қолдау институты жұмыс істей бастайды

2017 жылдың алғашқы тоқсанында “Өрлеу” жобасына 48,3 мың адам немесе 8,2 мың отбасы қатысты. Бұл уақыт аралығында оларға 1,7 млрд теңге сомасында шартты ақшалай көмек көрсетілді (республикалық және жергілікті бюджет есебінен). 1 сәуірдегі жағдайға қарағанда, жобаға қатысушы отбасылардың 87% еңбекке жарамды мүшелері тұрақты жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамтылды. “Өрлеу” жобасы 2014 жылдан бері Қазақстанның үш өңірінде - Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында пилоттық тұрғыда енгізілді. Жобада әлеуметтік келісімшарт жасаған тұлғаларға шартты қаржылай жәрдем беру қарастырылған. Әлеуметтік келісімшарт аясында өмірде қалыптасқан қиын ахуалдан шығуға байланысты әр отбасыға жеке жоспар жасалады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап ұқсас өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет қаражаты ес…

0
0
412

Қаллеки театры мамыр айының 18-19 күндері «Қорғансыздың күні» атты драманың премьерасын өткізеді

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мамыр айының 18-19 күндері, сағат 19.00-де «Қорғансыздың күні» атты драманың премьерасын өткізеді. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева. Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің қашан да өз биігінде болған туындылары бүгінгі таңда киелі сахнамыздың төрінде. Театр репертуарында айшықты орынға ие «Абай», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Айман-Шолпан» шығармалары режиссер Ә.Оразбековтің қолтаңбасымен сахналанған болатын. Ал бүгінде ҚАЛЛЕКИ театры заңғар жазушының жарық көрген алғашқы көркем шығармасы «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» драмасының премьерасын ұсынады. Оқырман үшін мұңы басым, жағымсыз кейіпкері көп, жарығы аз оқиғада жалғыз қалған қорғансыздың күні трагедиялық с…

0
0
1080

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке аударды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері біркүндік жалақыларын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Қостанай облыстарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек қорына аударды. Қаражат келесі қоғамдық қорлардың арнайы есепшоттарына аударылды: Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола филиалының жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті», «Қолғанат Ақтөбе» (Ақтөбе облысы), «Туған елім» (Қарағанды облысы), “Милосердие-Қостанай” (Қостанай облысы) және “Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Ғ.Мүсірепов атындағы филиалы (Солтүстік Қазақстан облысы). Табиғаттың тосын мінезінен жапа шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге министрліктің орталық аппаратында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру…

0
0
311

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты негізде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен, 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында зейнетақы жүйесін жаңғырту және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша 1255 адам қатысқан, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына 33 кездесу өткізді. 13 наурызда және 25 сәуірде Қостанай облысы бойынша ӘТВЕО Қостанай аудандық бөлімшесінде және Рудный ХҚКО бөлімшесінде Ашық есік күндері өтті, оған 34 адам қатысты. Сонымен қатар 13 наурызда Қостанай облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының кәсіби активімен және басшыларымен оқыту семинары өтті. Баспа басылымдарында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды түсіндіру бойы…

0
0
418