Қаллеки театры жаңа маусымды «АБАЙ» қойылымымен бастайды
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 26 қазан күні сағат 18.00-де ХХVIІ жаңа маусымын М.Әуезовтың "АБАЙ" трагедиясымен ашады. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков. XXVII маусымын бастайтын Қаллеки театрының өнер сүйер қауымды «АБАЙ» трагедиясымен қарсы алуы дәстүрге айналған. Туындының алғашқы болып сахна шымылдығын түріп, көрерменге жол тартуының ерекшелігі мен себептері де бар. Өнер ошағына есімі берілген Қалибек Қуанышбаев шығармашылығындағы шоқтығы биік рөл дәл осы Абай рөлі еді. Театр сахнасындағы «Абай» трагедиясынан қос Абайдың бейнесін көре аласыздар. Аға Абай бейнесін – Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов сомдаса, жас Абайды – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов ойнайды. Өткен XXVI м…



