Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 10 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбиелеу, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
