Сыбайлас жемқорлық біздің елде
2017 жылғы 27 сәуірде Жақсы аудан әкімдігінің кіші залында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Сыбайлас жемқорлық біздің елде» деген дөңгелек үстел мемлекеттік қызмет алушылар қатысуымен өткізді.
Семинарға алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсететін мүгедектер, ардагерлер, әлеуметтік көмек, АХАЖ секторының меңгерушісі Абылхасенова Л.М., бас мамандар Хасенова С.А., Ділдебаева Ж.Б. қатысты. Сонымен қатар, шараға мемлекеттік қызметтер алатын 16 алушылар қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ақпаратпен бөлім басшысының міндетін атқарушы Тлепова Р.Р. сөз сөйледі. Ақпарат барысында қызмет алушылармен бірқатар сұрақтар қойылды, оларға жан-жақты толық және құзыретті жауаптар берілді.
