Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты негізде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен, 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында  зейнетақы жүйесін жаңғырту және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша 1255 адам қатысқан, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына 33 кездесу өткізді.

13 наурызда және 25 сәуірде Қостанай облысы бойынша ӘТВЕО Қостанай аудандық бөлімшесінде және Рудный ХҚКО бөлімшесінде Ашық есік күндері өтті, оған 34 адам қатысты.

Сонымен қатар 13 наурызда Қостанай облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының кәсіби активімен және басшыларымен оқыту семинары өтті.

Баспа басылымдарында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды түсіндіру бойынша 6 жариялау жарияланды, бір сөз сөйлеу «Караван новостей» радиосында айтылды.

Сонымен, 24, 27 қаңтарда және 13 наурызда «Қостанай таңы» газетінде 3 мақала жарияланды: «Зейнетақыңыз көбейеді», «Зейнетке шығар күн алыс», «Зейнетақы және жәрдемақы туралы, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар мөлшері», 11 және 28 ақпанда «Костанайские новости» газетінде 3 мақала жарияланды: «Как поднять пенсию инвалидам?», «Основные показатели размеров социальных выплат с 1 января 2017 года», «Как доказать, что ты работал?».

27 ақпанда жаңалықтар шығарылымдарында «КН» радиосында зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібіне қатысты сөз сөйлеу айтылды.

0
0
378

Осы тақырып бойынша

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу - Yvision.kz