Мазмұнға өту

Жаңа

Мобильдік топ «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында алғаш рет онлайн режимде Астана қ. мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелер өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді

А.ж. 18 мамырында мобильдік топ онлайн режимде 1200 қатысушыны қамтыған Астана қ. мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелер өкілдерімен кездесті. А.ж. 2 наурызында алғаш рет Қазақстан бойынша Астана қаласында «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны басталды, акция шеңберінде ақпараттық-түсіндірме жұмысын және азаматтарды қабылдауды жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ арнайы безендірілген автобуспен өз жұмысын бастады. Мобильдік топ құрамында Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы - Тілеген Қаскин, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақыл…

0
0
532

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлерімен кездесті

А.ж. 16 мамырында мобильдік топ «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мобильдік топ құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысы - Тілеген Төлегенұлы Қаскин, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сарсенбай Мынбаев, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев, Альянс блогерлер өкілі Арыстанғали Сансызбаев. «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіруді жүзеге асырады және жедел түрде азаматтарға қабылдау өткізеді. Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар қайтарылды, сонымен…

0
0
333

Мобильдік топ «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді

А.ж. 11 мамырында мобильдік топ «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіруді жүзеге асырады және жедел түрде азаматтарға қабылдау өткізеді. Мобильдік топ құрамында Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы - Тілеген Қаскин, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сарсенбай Мынбаев. Мобильдік топ спикерлері ең алдымен әрбір азаматта сыбайлас жемқо…

0
0
243

«Ауыл тұрғындарына „E-gov“ интернет-порталын қолдануды үйрету» жобасы бойынша ХҚКО мамандарын оқыту

2017 жылдың 24 мамырда  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету мамандарының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қаратөбе және Бөрлі аудандық бөлімдерінін мамандарына «Ауыл тұрғындарына «E-gov» интернет-порталын қолдануды үйрету» жобасы бойынша оқыту жүргізілді.

0
0
382

Отбасылық бюджет қалай басқарылады?

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор. Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек. Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз? Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде, Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секіл…

1
0
884

Сәтті сапар: 4 серия/ lil trip to Almaty: volume 4

-Дан,қайдасың?-Міне,міне келдім. Кіріп келе жатырмын. Жаңа жылға дайындықты ертелеп бастап кеткен адамдарға лық толы үлкен кешенде мен оларды бірден таныдым. Үлкенді-кішілі болып, маған қарап жымиып, қол бұлғауда. Екі жыл бойы көрмеген сағынышымды басайын деп, оларға қарай ұмтыла бердім. Құшақтасып, көрісіп болғанымыз сол еді, екеуінің біреуі - Еее,чмо! Бойың дым өспепті ғой! - дегені көңілге мұң түсіргенімен, жүрекке таныс жылулық әкелді. Екі жыл бойы шатыры бір интернат астында тұрып, тамағы бір қазаннан ас бөлісіп жүрген кездерімде олқы қылықтарына ренжімеген мені осы "жылы" сөздерге де ренжімейтінімді біліп, одан әрі қаттырақ құшақтады. Біраз жылдар бойы ара-қашықтықтың тұсауында болған достықтың ақ кептерін сағыныштан босаттың сен, Алматы! Жиналып қалған барлық әңгімені, көрген білге…

0
0
480

Сәтті сапар: 3 серия/ lil trip to Almaty: volume 3

-Дана апа,жүрші,мультик қарайық.-Қазыр барамын, күте тұр.-Туу, жүрші,жүрші. Қызық болып жатыр.Айпадыма үңілген мені қолымнан жетектеп, төргі бөлмеге апарды. Жайғасып, жайланып отырып, көгілдір экранға телміріп отырып қалғанымды өзім де аңғармай қалдым. Көз қырымды салып қарасам, бал-бұл жанған жүзінен, күлімдеген күлкісінен, қараған көзқарасынан өзімді айнадан көргендей болдым. Біраздан соң қойнына бар тәттісін жинап, атасы қасымызға келді. Ұнататын кәмпиттерін көргенде балғын балақай да қуанып, мәз болды. Өз басым ата қолы созынған дәмді алып көрмеген соң соңымнан ерген сіңіліме қызыға да, қызғана да қарадым. "Ата мейірімін сезінген сен қандай бақыттысың"- деп терең ойға бата бергенім сол еді, ас бөлмеден "Шайға келіңіздер!"-деген жағымды дауыс естілді. Қолынан келген бар дәмдіні дайында…

0
0
454

Сәтті сапар:2 серия/ lil trip to Almaty: volume 2

- Мінекі билеттеріңіз! Уақыт терминалдан алғаш рет карточкамен өткеннен бастап есептеледі. Мына жолмен солға, сонаң соң тіке жүресіз. Сәттілік! Тау бөктерінде жақсылап демалыңыз!Бағдаршамдай бағыт берер кассирдің сөзін ұмытып қалмайын деп ішімнен қайталап келемін. Солға, сонаң соң тіке. Солға, тіке....Жеттім! Алатаудың төбесіне шықпағанымен төскейіне жеттім. Ендігі міндет жоғарығы көтерілу еді. Сужүрек қояндай қорқып, кабинаға кірдім де, темір ұстағышты қаттылап қысып, отырдым да қалдым. Әр метрге көтерілген сайын жүрегім лүпілдеп, қаным лыпылдап, денем дуылдап кетті. Тарс жұмылған көздерім межеленген жерге жеткеннен кейін ғана бір-ақ ашылды.... Биіктмін мен! 15метр биіктемін. Күндегі күйбең тірліктен, бітпейтін барлық еңбектен биіктемін. Осы бір биіктен сен қандай керемет едің, әсем қала…

0
0
415

Сәтті сапар:1 серия/ lil trip to Almaty: volume 1

1-СерияҚұрметті жолаушылар! Нөмері 52 Астана – Алматы жүрдек пойызы 2-ші жолға келіп тоқатады. Сақ болыңыздар.- Келдік!Қобалжып тұрған жүздерімізден үйге асыққан студенттер екеніміз анық көрініп тұр. Қасыңдағы жолаушылар жаныңы жақын тартар жандар болса, 19 сағатқа созылған алыс сапар да түкке тұрғысыз мардымсыз нәрсеге айналады. Бірақ ол әңгіменің тарихы мүлдем басқа, сыры өзгелерінен бөлек.Қызғылт тартқан “гламурный” чемоданымды сүйреп, перронға түстім. Аяғым жерге тиісімен, жылулықты сезіндім. Астананың қатал, суық ауа-райынан әлдеқайда жылы. Бұл термометр бойындағы сандармен өлшенетін жылулықтан өзге, ерекше. Ол жақын туысыңның жылуы, көп көрмеген достарыңның жылуы. Ол 6 жыл бұрын кездесіп, қайта қосылған естеліктердің жылуы. Ол құшағына әркімді де сыйдырар, қонақжай, сенің жылуың, Ал…

0
0
350

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің №170/3 ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
258