Сәтті сапар:1 серия/ lil trip to Almaty: volume 1
1-Серия
Құрметті жолаушылар! Нөмері 52 Астана – Алматы жүрдек пойызы 2-ші жолға келіп тоқатады. Сақ болыңыздар.
- Келдік!
Қобалжып тұрған жүздерімізден үйге асыққан студенттер екеніміз анық көрініп тұр. Қасыңдағы жолаушылар жаныңы жақын тартар жандар болса, 19 сағатқа созылған алыс сапар да түкке тұрғысыз мардымсыз нәрсеге айналады. Бірақ ол әңгіменің тарихы мүлдем басқа, сыры өзгелерінен бөлек.
Қызғылт тартқан “гламурный” чемоданымды сүйреп, перронға түстім. Аяғым жерге тиісімен, жылулықты сезіндім. Астананың қатал, суық ауа-райынан әлдеқайда жылы. Бұл термометр бойындағы сандармен өлшенетін жылулықтан өзге, ерекше. Ол жақын туысыңның жылуы, көп көрмеген достарыңның жылуы. Ол 6 жыл бұрын кездесіп, қайта қосылған естеліктердің жылуы. Ол құшағына әркімді де сыйдырар, қонақжай, сенің жылуың, Алматы!
Жалғасы бар....
