Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлерімен кездесті

А.ж. 16 мамырында мобильдік топ «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Мобильдік топ құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысы  - Тілеген Төлегенұлы Қаскин, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сарсенбай Мынбаев, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев, Альянс блогерлер өкілі Арыстанғали  Сансызбаев.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіруді жүзеге асырады және жедел түрде азаматтарға қабылдау өткізеді.

Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер  көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар қайтарылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жадынамалар таратылды.

0
0
289

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz