Отбасы — басты құндылық.
Отан – отбасынан басталады. Отбасы қоғамның ең кіші бөлшегі. Яғни мемлекет немесе ұлт отбасылардан құралады. Егер де отбасы деген кіші бөлшектер сапалы болса, онда қоғам да мықты болмақ. Ал, егер отбасыда шаңырақ шайқала бастаса, қоғам да іріп-шіри бастады дегенге саяды. Сондықтан да, қоғамды түзету үшін отбасы иниститутына ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Еліміз ажырасу статистикасы бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді. 2016 жылы 140 мыңнан астам жұп отбасы құрса, 51575 жұп ажырасқан екен. Сонымен қатар, жыл сайын 40 мың бала жартылай отбасыда тәрбиеленушілер қатарына қосылады немесе «тірі жетім» атанады. Осы көрсеткіштердің өзі-ақ отбасы иниститутына ерекше көңіл бөлінуі керек екенін байқатады деп ойлаймын. Әрине, көңіл бөлу мемлекет тарапынан бастау алуы керек. Дегенмен де, тек қана мемле…