Мобильдік топ «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді
А.ж. 11 мамырында мобильдік топ «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана-Энергия» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіруді жүзеге асырады және жедел түрде азаматтарға қабылдау өткізеді.
Мобильдік топ құрамында Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы - Тілеген Қаскин, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы - Сарсенбай Мынбаев.
Мобильдік топ спикерлері ең алдымен әрбір азаматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру басымдылығын атап өтті.
Сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту және халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды, барлығын сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға ықпал ететін белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.
Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.
