Әлемдегі ең қауіпсіз ел
Tengrinews.kz сайтының хабарлауы бойынша, Бүкіләлемдік экономикалық форумның талқылауымен әлемдегі ең қауіпсіз елдердің тізімі жарияланған болатын.Жалпы, бұл тізімді жасау барысында мемлекеттің қылмыстық істері, терроризм, әскери қақтығыстары сынды іс-әрекеттері есепке алынады. Бұл тізімнің көшін Финляндия бастап, 2017 жылдың ең қауіпсіз мемлекеті атанған болатын. Бұдан бөлек, бұл мемлекет 2016 жылдың қазан айында жасалған тізімде де ең қауіпсіз мемлекеттердің арасында бірінші орынды иеленген болатын. Бұдан кейін кез келген адамда: «Неліктен Финляндия әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. Олай болса, көкейде жүрген бұл сұраққа жауап іздеп көрелік! Егер де сіз Финляндияға саяхаттап барып, өз әмияныңызды немесе ұялы телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, алаңдамаңыз. Сізге…
