Интернет – конференция өтетіндігі туралы хабарлама
2017 жылғы 31 мамырда сағат 15.00-ден және 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қ. бойынша департаментімен «Ашық қызмет» жобасын жүргізу аясында Астана қ. әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, қызмет этикасы ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу сұрақтары бойынша онлайн интернет – конференция өткізіледі.
Хабарласқан азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Төлегенұлы Каскин, Астана қ. әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің (жергілікті атқарушы органдар) және «Азаматтарға арналған үкімет» Департаменттердің өкілдері жауап береді.
Интернет – конференция онлайн режимінде «eGov.kz» порталында өтеді.
Сұрақтар «eGov.kz» (https://dialog.egov.kz/conference/202) порталы, «Интернет – конференция» атты бөлімі арқылы қабылданады.
