Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ниет білдірушілерге жұмыс бар

А.ж. 25 мамыр күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – өзін-өзі қамтыған азаматтарға, жұмыссыздарға түрлі жұмыс орындарын ұсыну.

Департамент қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы  бос жұмыс орындарымен таныстырып қана қоймай, облыс аудандары мен Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары мен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат берді.

Сондай-ақ, Департамент өкілдерімен мемлекеттік қызметті өткеру, бос әкімшілік лауазымға орналасу үшін тестілеуден өту және конкурсқа қатысу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Барлық ниет білдірушілерге мемлекеттік қызметке өту ережелері мен барлық бос орындар көрсетілген кітапшалар ұсынылды.

 
0
0
407

Осы тақырып бойынша

Ниет білдірушілерге жұмыс бар - Yvision.kz