Ақмола облысының ЖОО ректорлары мен ТжКҰ директорлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартияға қол қойды
Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидаттарын жылжыту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының ЖОО ректорлары мен ТжКҰ директорларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартияға қол қоюына бастамашылық жасады.
Хартияда университеттер мен колледждердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алудың негізгі тетіктері мен тұжырымдамалары мазмұндалған.
Департамент басшысы Берген Беспалинов: «Жемқорлық деңгейін төмендетуге, оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға, қоғамның әр мүшесінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін превентивті сипаттағы іс-шаралар кешенін өткізу жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Агенттік қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Балғын балалық шақтан бастап Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, айналасындағы адамдарды сыйлауға және салт-дәстүрлерге ізет көрсетуге, білім мен еңбекке талпынуға, парасаттылық пен адалдыққа баулу керек», - деп өз сөзін қорытындылады.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров әр жоғарғы оқу орны мен колледж сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктерін білдіру арқылы білім беру үрдісінің басты міндеттерінің орындалуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындығын атап өтті.
Гуманитарлық-техникалық академияның ректоры Әбілмәжін Аюловтың айтуы бойынша, Хартияға қосылу арқылы біз сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидасын қолдаймыз және оның жүзеге асырылуына өзімізге толықтай жауапкершілік артамыз.
Кездесудің қорытындылары бойынша, Ақмола облысының жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен 39 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің директоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартияға қол қойды.

