Мазмұнға өту

Жаңа

Тойға арналған салтанат залы

Бұл жолы біз үйлену тойын өткізуге арналған банкет залын қалай таңдау керек? Таңдау жасау кезінде қандай ережелерді ескеру керек екендігін айтамыз. Бұрын да жазғанымыздай, той – ол өмірде бір рет қана болатын, ең қуанышты сәт. Оны жоғарғы және қалауымызға сай деңгейде өткізгіміз келетіні анық. Себебі, қуаныш аяқталған соң: «бұл жолы ұнамады, келесі жолы басқаша жасайық» - дейтіндей мүмкіндік болмайды. Әрбір таңдауды жауапкершілікпен ақылдасып кеңесіп шешкен жөн. Осындай маңызды таңдаулардың бірітойға арналған банкет залын  іздеу. Салтанат залы бүгінгі күні https://toibiznes.kz/kk/articles/other/torzhestvenniy-zal

0
0
376

Назарбаевтың сөзі назарыңызда болсын

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 5-ші Құрылтайындағы Елбасы баяндамасының ең өзекті үзінділерін назарларыңызға ұсынамыз. – Ардақты ағайын, құрметті бауырлар дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына келген баршамызға қазақтың қастерлі ата жұрты, оның бас ордасы Астанамызға –қош келдіңіздер деп қуанышымды білдіремін. Жаңа айтып кеткендей алты құрлыққа жайылып кеткен 350-ден астам қандастарымыз келіп отыр. Қайда жүрсе де, қазақтың тарихи отаны біреу ғана. Ол – Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, бір уыс топырығына дейін қасиетті біз ұлы дала қазақ еліміз. Бүгінгі бас қосуға негізінен жас буын қатысып отыр. Себебі жас ұрпақ түбі тарихи негізі, тарихы қазақ екенін ұмытпайды. Сол үшін олардың ата-аналарына рақмет айтамын. Бір тамырын тарихи отанына жаюды ойлайды. Туған елінің салтын сақтап, ана тілі…

0
0
555

Тәуелсіз өмір сүруден артық бақыт жоқ!

Адамның ең басты арманы-Тәуелсіз болу! Ортадан, біреуден. Тәуелсіз болғанда ғана, белгілі бір жетістікке жетуге болады. Бірақ, Тәуелсіздік, демократия деген, бұл- шектен шығушылық, тәртіп бұзушылық емес. Бұл, бір мақсат, бір міндет жолындағы күрес. Адами күрес. Қысқасы... Бізге өз Тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата…

0
0
1094

Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 20 маусымда колледждер басшылары, орта білім беру мекемелері басшыларының, қосымша білім беру мекемелері басшылары, кадр қызметтері және аудандық әдістемелік кабинеттер қызметкерлерінің қатысуымен «Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою» облыстық диалогтық алаң ұйымдастырылыды. Диалогтық алаң жұмысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысы Б.Беспалинов және Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Гамазов. Тақырып бойынша баяндамасында Б.Беспалинов орта білім беру мекемелері басшыларының конкурстық негізде таңдау…

0
0
394

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

А.ж. 20 маусымында Ақмола облысы кәсіпкерлік палатасының базасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Мәжіліс барысында Ақмола облысының кәсіпкерлік саласында сонымен қатар қоғамдық денсаулықты сақтау, сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.

Іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

Департамент госслужбы

0
0
480

Бір ауыз сөз — елдің ұйытқысы бола алады (!)

Қазір көп сөйлеп, елдің миын ашытатын адамдар көз алдымызда шешен, білгір құсап көрінеді. Кеше, бір жиында отырып, осындай әңгімеге куә болдым. Не деген надандық, не деген көреалмаушылық? Сөйлесе, сөздің өз қасиет-қадірі бар. Бұған бәріміз әу бастан мән береміз. Дұрыс сөйлеп, дұрыс бағдар берсе, оның несі айып, а? Міне, ауызбіршіліктің өзі осындай дастархан басындағы әңгімеде, отбасы құндылықтарынан басталады емес пе? Неліктен, бір-бірімізді қолдамаймыз? Біздің өзгелерден озып тұрған бір артықшылығымыз - халқымыздың ауыз бірлігінің арқасы. Алғаш Тәуелсіздік алған жылдары ұлт-ұлт болып бөлініп, бір-бірімізге қысастық көрсеткеніміз рас еді. Сол кезде Елбасының тапсырмасымен Ассамблея құрылған болатын. Бұл біздің елдегі ұлттар татутылығына көп үлесін қосқан үлкен институт. 100 ден аса ұлт пе…

0
0
569

Бірліктен артығы жоқ

Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер өзімізбен өзіміз бет жыртысып, жағадан алып, айтысып, тартысып жатсақ, онда береке болмайды. Мың жерден алып империя болсаң да, бір күні құлдырайсың, құлайсың! Сондықтан мықты ел болу үшін, берік мемлекет болу үшін алдымен сол елдің ынтымағы керек. Ынтымақ бар жерде ғана береке болады.Береке - бақыттың бастауы. Ертең ұрпаққа тәуелсіз ел, дамыған мемлекет, қуатты ұлты сыйлаймыз десек барлық Қазақстан азаматтары тату болғанымыз абзал. Сонда ғана болашағымыз жарқын, алдымыз ашық болады. Қазіргі уақытта, бәрі бар. Бірақ, адамға, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен жылулық жетіспейді. Сондықтан, өз-өзімізге құрметпен қарап, бес күн өмірде ауызбіршілікте болайық! Елге бұдан артық бақыттың кере…

0
0
474

Зейнетақымен қамту жүйесінің жаңғыртуы — болашақ зейнетақының алдындағы мемелекеттің, жұмыс берушінің және әр азаматтың жауапкершілігі

29.06.2017 жылдың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде Астана қаласы №4 қалалық емханасының ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде зейнетақымен қамту жүйесінің жаңғыртуы, ҚР №342-V заңының нормалары, 01.01.2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасының жоғарлауы, 01.07.2018 жылдан бастап базалық зейнетақының тағайындау жүйесінің өзгеруі, шартты-жинақтау компоненттің еңгізуі және  әлеуметтік көмекті оңтайландыру туралы насихаттық жұмыс атқарылды.

0
0
349

«Skype» бейне қосымшасы арқылы тұрғындармен байланыс орнату жалғасуда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының «Skype» бейне қосымшасы арқылы тұрғындармен байланыс орнату тәсілі жалғасуда. А.ж. 29 маусымы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Елена Федоровна Степаненконың кезекті онлайн режимдегі азаматтарды жеке қабылдауы барысында облысымыздың 3 тұрғыны көмекке жүгінді. Алғаш болып хабарласқан Петропавл қаласының тұрғыны Ерлан Молдашевтан мемлекеттік мекеменің қызметшісіне кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы сұрақ келіп түсті. Виктория Погонян мемлекеттік қызметке түсу барысында тестілеуден өту тәртібі жөнінде мәселесімен жүгінді. Соңғы болып Абзал Касленкин байланысқа шықты. Ол, «Әкім сайлау алдында жалақысы сақталмайтын демалысқа шыға ала…

0
0
564

Бұл ненің белгісі? «Қазком» директорлар кеңесін таратып, қайта сайламақ

«Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі 2017 жылғы 28 маусымда өткен отырысында Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы шешім қабылдады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 31 шілдеде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша өтеді. Банк акционерлерін тіркеу рәсімі 2017 жылғы 31 шілдеде 10 сағат 30 минутта басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген деп танылған жағдайда, жиналыс 2017 жылғы 1 тамызда 11 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 30…

0
0
419