Зейнетақымен қамту жүйесінің жаңғыртуы — болашақ зейнетақының алдындағы мемелекеттің, жұмыс берушінің және әр азаматтың жауапкершілігі
29.06.2017 жылдың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде Астана қаласы №4 қалалық емханасының ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде зейнетақымен қамту жүйесінің жаңғыртуы, ҚР №342-V заңының нормалары, 01.01.2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасының жоғарлауы, 01.07.2018 жылдан бастап базалық зейнетақының тағайындау жүйесінің өзгеруі, шартты-жинақтау компоненттің еңгізуі және әлеуметтік көмекті оңтайландыру туралы насихаттық жұмыс атқарылды.
