Бір ауыз сөз — елдің ұйытқысы бола алады (!)
Қазір көп сөйлеп, елдің миын ашытатын адамдар көз алдымызда шешен, білгір құсап көрінеді. Кеше, бір жиында отырып, осындай әңгімеге куә болдым. Не деген надандық, не деген көреалмаушылық? Сөйлесе, сөздің өз қасиет-қадірі бар. Бұған бәріміз әу бастан мән береміз. Дұрыс сөйлеп, дұрыс бағдар берсе, оның несі айып, а? Міне, ауызбіршіліктің өзі осындай дастархан басындағы әңгімеде, отбасы құндылықтарынан басталады емес пе? Неліктен, бір-бірімізді қолдамаймыз?
Біздің өзгелерден озып тұрған бір артықшылығымыз - халқымыздың ауыз бірлігінің арқасы. Алғаш Тәуелсіздік алған жылдары ұлт-ұлт болып бөлініп, бір-бірімізге қысастық көрсеткеніміз рас еді. Сол кезде Елбасының тапсырмасымен Ассамблея құрылған болатын. Бұл біздің елдегі ұлттар татутылығына көп үлесін қосқан үлкен институт. 100 ден аса ұлт пен ұлыстың басын бір арнада, бір шаңырақ астында қосып отырған Қазақстанның жарқын болашағының бір көрінісі ол-ынтымақ! Ынтымақ бар жерде ырыс бар, ырыс - берекенің бастауы, береке барда бақыт бар! Ендеше құрметті тату ағайын, Бақытты бола берейік!
