Туған жердің киесі бәрімізге ортақ
Рухани жаңғырудың бір үлкен тармағы- «туған жер» бағдарламасы. Бұл бір қарағанда, нағыз патриоттық тәрбие, тура патриоттық рухты береді. Бұл арқылы гуманитарлық ғылым, адам дүние танымы мен көзқарасына қатысты ұстанымдар алға шықпақ. Қазіргі ғылымда адамды тәрбилеуге арналған тарих ғылымын дамыту, социология, саясаттану, мәдениеттану сияқты әртүрлі салалық бағыттар бар. Бұл өте маңызды және өміршең идея, осыны біз ұмытпауымыз керек. Бұрын, малшы және шаруашылық адамы барынша төмен көрсетіліп, арттар қалған, төмен дәрежедегі образ кейпінде көрсетіліп келді. Қазіргі көзқарас мүлде өзгерді. Енді сол шырмаудан революциялық жолмен, үлкен қақтығыстар арқылы емес, эволюциялық жолмен шығуымыз керек. Қазақтың мәдениеті де, руханияты да өте бай. Көне шаһарлар, кесенелер, қорғандар, ескерткіштер мен…