Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

Департамент госслужбы
Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 20 маусымда колледждер басшылары, орта білім беру мекемелері басшыларының,  қосымша білім беру мекемелері басшылары, кадр қызметтері және аудандық әдістемелік кабинеттер қызметкерлерінің қатысуымен «Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою» облыстық диалогтық алаң ұйымдастырылыды.

Диалогтық алаң жұмысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысы Б.Беспалинов және Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Гамазов.

Тақырып бойынша баяндамасында Б.Беспалинов орта білім беру мекемелері басшыларының конкурстық негізде таңдау жасау, аталған мәселенің құқықтық реттелуінің жоқтығын, сарапшылар топтарының тиімділігін, аталған салада жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған жемқорлық қауіптерін  атап көрсетті.

Қорытындылай келе Берген Маратұлы азаматтық қоғам өкілдерін жемқорлықпен күрес мәселесінде нық азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

0
0
356

Осы тақырып бойынша

Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою - Yvision.kz